Түрік Сыртқы істер министрі Қырым татарларымен кездесті

Мевлүт Чавушоғлу Львов қаласында орналасқан Қырым татар координация орталығына барды.

1797767
Түрік Сыртқы істер министрі Қырым татарларымен кездесті

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей шабуылы астындағы Украинаның Львов қаласында орналасқан Қырым татар координация орталығына барды.

Львов қаласында Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен бас қосқан Чавушоғлу кейіннен Қырым татар орталығына барды.  Осында ол орталықтың жұмысы жөнінде мәлімет алды. Қандастардың қажеттіліктері бар екенін сұрады.

Сапарынан кейін Twitter аккаунтынан жазба жариялаған министр: «Львовте Қырым татар координауия орталығында қандастармен бас қостық.  Қандастарымыздың қауіпсіздік және тыныштығы үшін қолдауымыз жалғасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар