Қазақстаннан Украинаға дәрі-дәрмек жәрдемі

Қазақстан Украинаға шамамен 2,5 миллион долларлық дәрі-дәрмек жәрдемі жіберілетінін жариялады.

1793410
Қазақстаннан Украинаға дәрі-дәрмек жәрдемі

Қазақстан премьер-министрлігі шамамен 2,5 миллион долларлық 25 түрлі дәрі-дәрмекті гуманитарлық жәрдем аясында Украинаға жіберілетінін хабарлады.

Сонымен бірге Украинадан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Польшадан эвакуациялық ұшулардың төртіншісі ұйымдастырылды. Қазақстан премьер-министрлігі Украинаға жіберілетін гуманитарлық жәрдем тақырыбында мәлімдеме жасады.

Қазақстан Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық жәрдем комиссиясы Украинаға жалпы құны шамамен 2,5 миллион долларлық дәрі-дәрмектің 25 түрін жіберу туралы шешім қабылдады.

Премьер-министрлік гуманитарлық жәрдем салмағының 82 тоннаны құрағанын және гуманитарлық жәрдемнің межелі жерге жеткізу үшін жұмыс істеп жатқандарын хабарлады.

Сонымен бірге, Украинаға халықаралық гуманитарлық көмекті жеткізу және тарату орталықтары орналасқан көрші елдермен келіссөздер жалғасып жатқаны айтылды.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлескен болатын.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Украина арасында гуманитарлық саладағы ынтымақтастық туралы келісім жасалған еді.

Украинадан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жалғасуда. 4-ші рет ұйымдастырылған рейспен эвакуациялау барысында Польшаның Катовизе қаласынан 155 қазақстандық, оның ішінде жеті сәби эвакуацияланды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі қазақстандық дипломаттардың Киевтен Львовқа эвакуацияланғанын хабарлады.

Дипломаттардың Қазақстан азаматтарына көмек көрсету үшін жұмыстарын жалғастыратыны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар