Тоқаев жаңа үкіметтің жиналысына қатысты

25 жылда Қазақстаннан  мөлшермен 140-160 миллиард доллардың шетелдегі оффшорлық компанияларға жолданғаны білдірілді.

1775297
Тоқаев жаңа үкіметтің жиналысына қатысты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айында болған оқиғалардың елдегі жағдайды түбегейлі өзгерткенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайылов төраға болған жаңа үкіметтің алғашқы кеңейтілген жиналысына қатысты.

Жиналысқа видео конференция жолымен қатысқан Тоқаев сөзінде:

"Қаңтар айында болған оқиғалар Қазақстандағы жағдайды түбегейлі өзгертті" деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елде қарыздар адам санының артқанына және мөлшермен бір миллион азаматтың жалақысы тұрмысына жетпегеніне назар аударып:

"Жаңа үкімет халықтың әлеуметтік байлығын өсіру, инфляцияны төмендету және жан санының кіріс көзін арттыруға міндетті" деп көрсетті. 

Шетелге заңсыз жолдармен шығарылған қаржы байлықтарының қайтарылатынын білдірген Тоқаев:

"Үкіметке 2 ай ішінде шетелге заңсыз жолдармен шығарылған қаржы байлықтары мен ол жерде тапқан кірістерінің елге қайтарылуы үшін ұсыныс жасауға бұйрық беремін" деді. 

Қазақстан Ассамблеясының депутаты Мақсат Раманқұлов сөзінде соңғы 25 жылда Қазақстаннан  мөлшермен 140 пен 160 миллиард доллардың шетелдегі оффшорлық компанияларға жолданғаны мәліметін бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар