Назарбаевтың "өмір бойы төрағалық ету" өкілеттігі жойылды

Назарбаевтың кейбір мекемелерге "өмір бойына төрағалық ету" өкілеттігі жойылды.

1769244
Назарбаевтың "өмір бойы төрағалық ету" өкілеттігі жойылды

ҚР Парламентінің Сенаты Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуін жою туралы заңға түзетулер енгізу жөніндегі ұсынысты қабылдады. 

Осыған қарағанда Назарбаевтың Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы (ҚХА) сияқты мекемелерге өмір бойы төрағалық ету өкілеттігі жойылды. Заң жобасын сенаторлар бірауыздан мақұлдады. 

Аталмыш заң жобасы бір апта бұрын Мәжіліс депутаттары тарапынан қабылданып, Сенаттың бекітуіне ұсынылған болатын.

Қазақстанды шамамен 30 жылға жуық басқарған соң 2019 жылы президенттік қызметтен кеткен Назарбаев Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі, Қазақстан Халқы Ассамблеясы және «Нұр Отан» партиясының төрағасы қызметтерін бүгінге дейін атқарып келді. 

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі төрағалығы міндетін Жаңа жылдың басында президент Қасым-Жомарт Тоқаевке тапсырғанын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар