Орталық Азия елдерінде электр өшіп жатыр

Қазақстанда Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан облыстары және Қырғызстан мен Өзбекстанның электр қуатында үзіліс болуда.

1767968
Орталық Азия елдерінде электр өшіп жатыр

Орталық Азия елдері Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанда электр қуаты жаппай өшіп жатыр.

Өзбекстан Энергия министрлігінен жасалған мәлімдемеде Қазақстанда азанда Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан облыстары мен төңірегіндегі аймақтарда электрлер үзілгендіктен  Қырғызстан мен Өзбекстанның электр жүйелерінде де үзіліс болғаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Қазақстанда болған үзілістің Орталық Азия Ортақ электр жүйесіне жалғанған Өзбекстан электр желісіне нашар әсер жасауы себепті Қазақстаннан келетін желідегі кернеудің өзгеруіне байланысты Ташкент пен Сырдария электр станцияларындағы қорғау жүйелерінің автоматты жұмысқа өзгеруімен станциялардың жұмысы тоқтады. Осының салдарынан Ташкент, Ферғана, Әндіжан, Наманган, Сырдария, Жизза, Самарқанд, Невай және Қашқадария облыстарында электр қуаты үзілді. Қазір әрбір жылу электр станциясын көршілес мемлекеттік электр желілерінен бөліп, тәуелсіз жұмыстандыру талпыныстары жалғасуда" деп көрсетілді.

Өзбекстанда электрдің үзілісі салдарынан астана Ташкентте метро сапарларының тоқтағаны білдірілді.

Электр үзілістері Қырғызстанда кейбір облыстарға нашар әсерін тигізді.

Қазақстан электр энергиясы компаниясы «KEGOC»-тың мәлімдемесінде аймақта электр қуатының жаппай үзілуі елдер арасында тарату торабындағы шамадан тыс жүктемеден туындағанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар