Тоқаев пен Путин телефонда сөйлесті
Тоқаевтың Қазақстанда тәртіпті сақтауға бағытталған шаралар жайлы Путинге мәлімет бергені білдірілді.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті.
Ресей Президенттік аппараты Кремльден жасалған мәлімдемеде телефондағы әңгімеде Тоқаев Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бейбітшілік күшінің әрекеттеріне тоқталып, Қазақстанда тәртіпті сақтауға бағытталған шаралар жайлы Путинге мәлімет бергені білдірілді.
Тоқаев Ресейдің жәрдеміне орай алғыс айтқан кеңесте Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер жасақтарының Қазақстан территориясынан сатылы түрде кері қайта бастауына қатысты тақырыптар қолға алынды.
Қазақстанға 6 қаңтарда орналасқан Ресей, Беларусь, Армения, Қызғыстан мен Тәжікстан әскери жасақтарынан құралған Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бейбітшілік күшінің елден шегіну процесінің басталғаны білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы жоғары деңгейде
Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын сандармен сөйлетті.

Президент Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты мүше елдерінің саммитіне қатысты
Тоқаев Ауғанстандағы жағдайдың Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне қатер төндіргенін білдірді.