Түркия мәжіліс төрағасы Нығматулинмен сөйлесті

Мұстафа Шентоп қазақ әріптесі Нұрлан Нығматулинмен телефонда сөйлесті.

1759088
Түркия мәжіліс төрағасы Нығматулинмен сөйлесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп қазақ әріптесі Нұрлан Нығматулинмен телефонда сөйлесті.

Телефон әңгімесінде Қазақстан Парламентінің Мәжіліс төрағасы Нұран Нығматулин Қазақстанда болған оқиғаларға орай көңіл білдірген Шентопқа мәлімет берді. Ол президент Режеп Тайып Ердоған бастаған Түркияның қолдауы үшін алғыс айтты.

«Қымбатты досым, мен сізге алғыс айтамын. Сіз арқылы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі барша достарға да қолдау үшін алғыс білдіремін. Осындай қиын күнде біздің жанымызда болдыңыз» деді ол.

Түркия мәжілісі төрағасы Шентоп та Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды жіті қадағалап отырғандарын айтып: «Қазақстан – біздің досымыз. Бауырымыз.  Болып жатқан оқиғаларды жақыннан бақылап отырмыз» деді.

Ол Қазақстанда тыныштық пен қауіпсіздіктің қамдалуының Түркия үшін өте қымбат екенін тілге тиек етіп, Қазақстанның тұрақтылығының аймақ үшін өте маңызды екенін атап көрсетті.

«Қазақстан елінің және халқының осынау қиын күндерді еңсеретініне, тыныштық пен тұрақтылық орнап, одан сайын нығая түсетініне сенеміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар