Армения армиясы зеңбіректермен атыс бастады

Әзербайжанның екі әскері жарақат алған болатын.

1734700
Армения армиясы зеңбіректермен атыс бастады

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Лачын бағытында Армения әскерлерінің Әзербайжан бекіністеріне зеңбіректермен шабуыл бастатқанын хабарлады.

Министрлік Армения армиясының шекарадағы арандатушылығының жалғасқанын білдірді.  Хабарламада Лачындағы Әзербайжан бекіністеріне зеңбіректермен оқ атылғаны айтылды.

Әзербайжан армиясы да қарсы жауап беріп,  Арменияның танксоғарлары мен минометі жойылды.

Шекарада жағдай ауыспалы.

Армения армиясы шекарада кейбір биік жерлерді алып, қолайлы бекіністер салу мақсатымен жергілікті уақытпен сағат 11-де Лачын және Келбеджер бағытына оқ ата бастады. Шабуылда Әзербайжанның екі әскері жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар