Ирандағы қазақ жігіттің табысы

Осы табысы Ирандағы қазақтар мен түрікмен жерлестерді қатты қуантты.

1727330
Ирандағы қазақ жігіттің табысы
İran_Kazak_genç_Kazakistan_İrfan_Körpe

Иран қазақтары қауымдастығы мен Қазақстанның Горган қаласындағы консулдығы тарапынан Иран көлемінде университет емтиханында үлкен табысқа жетіп, үшінші орын алған Ирфан Көрпе үшін рәсім ұйымдастырылды.

Гүлистан қаласының Бендер Түрікмен қаласында тұратын Ирфан Көрпе биыл Медицина және медициналық білімдер бөліміне түсу үшін жарысқан 554 мың талапкер арасында үшінші орын алған еді. Осы табысы Ирандағы қазақтар мен түрікмен жерлестерді қатты қуантты.

Рәсімде сөз сөйлеген Қазақстанның Горгандағы бас консулы Айтжан Айдашев «Біздің Ирфан секілді ақылды және қабілетті балаларымыз бар. Олар жоғары жетістіктерге қол жеткізе алады» деді.

Айдашев айырықша Горган-Ақтау арасындағы ұшақ рейстеріне тоқталып: «Осы ұшақ рейстерімен балаларымыз атамекенге жете алады» деді.

Иранда тұратын қазақтар жалпы Бендер Түрікмен, Горган және Күммеб Гавуз қалаларында өмір сүреді.

 

Хабар мен суреттер Иранның ресми ақпарат агенттігі İRNA-дан алынды.



Ұқсас жаңалықтар