Ердоған Мирзиеевті құттықтады

Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефонда сөйлесті.

1724866
Ердоған Мирзиеевті құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефонда сөйлесті.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының хабарлауынша, Ердоған Өзбекстанда президенттікке қайтадан сайланған Мирзиеевті құттықтады.  Сайлау қорытындысының бауырлас Өзбекстан халқы үшін қайырлы болуын тіледі.

Ол күшін ортақ тарих  және мәдениеттен алған екі ел қатынастарының жаңа кезеңде нығая түсетініне,  стратегиялық серіктестіктің күшейе түсетініне сенетінін білдірді.  Президент Ердоған айырықша Түркия мен Өзбекстан қарым-қатынастарының аймақтық қауіпсіздік, тұрақтылық және молшылыққа үлес қосатын түрде барлық салада жетілуі үшін жұмыстанатындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар