Әзербайжан Сыртқы істер министрі Минскте

Джейхун Байрамов Әзербайжанның Армениямен қатынастарын қалпына келтіруге дайын екенін білдірді.

1719764
Әзербайжан Сыртқы істер министрі Минскте

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Армениямен қарым-қатынасты халықаралық құқық қағидаттары, әсіресе егемендік, аумақтық тұтастық және шекаралардың қолсұғылмау құқын құрметтеу негізінде қалпына келтіруге дайын екендерін атап көрсетті.

Байрамов Беларусьтың бас қаласы Минскіде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысты.

Жиналыста Қарабах соғысына тоқталған Байрамов Әзербайжанның 30 жылдық Армения оккупациясын жойып, аумақтық тұтастығын қамтамасыз еткенін мәлімдеді.

Байрамов Арменияның басқыншылығы кезеңінде Әзербайжанға тиесілі тарихи, діни және мәдени ескерткіштерді қиратқанын атап, бұл мәселенің енді артта қалғанын, қазір басты мақсаттарының азат етілген жерлерді қалпына келтіріп, босқындардың қайта елдеріне оралуларын қамтамасыз ету екенін айтты.

Оккупациядан азат етілген аймақтарда Әзербайжан жүргізген қалпына келтіру шараларына назар аударған Байрамов «Қиындықтарға қарамастан Әзербайжан Армениямен қарым-қатынасты халықаралық құқық қағидаттары, әсіресе егемендік, аумақтық тұтастық және шекаралардың қолсұғылмау құқын құрметтеу негізінде қалпына келтіруге дайын» деді.

Байрамов Минскідегі байланыстары аясында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бас қосты.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда министрлер өзара ынтымақтастық және Ресей мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына орай жүзеге асырылатын іс-шараларды талқылады.

Байрамов пен Лавров 2020 жылғы 10 қараша күні Әзербайжан, Армения мен Ресей арасында қол қойған үштік декларацияның толық орындалуы және аймақтық мәселелерді бағалады.



Ұқсас жаңалықтар