Түркия Өзбекстанға вакцина мен дәрі жіберді

200 мың Sinovac вакцинасы мен  20 мың Favipiravir дәрісі Ташкентке жетті.

1718849
Түркия Өзбекстанға вакцина мен дәрі жіберді

Өзбекстанға Түркия жіберген 200 мың Sinovac вакцинасы мен  20 мың Favipiravir дәрісі Ташкентке жетті.

Түрік Әуе жолдарының ұшағымен Стамбулдан Ташкентке жеткен вакциналарды Өзбекстан Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Амрулла Инаятов, Эпидемиологиялық жағдай және халық денсаулығы мекемесінің басшысының орынбасары Батыр Курбанов және Түркияның Өзбекстандағы өкілетті және төтенше елшісі Олган Бекар қарсы алды.

Ұшақтағы 200 мың вакцина мен 20 мың дәрі Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі өкілдеріне тапсырылды.

Курбанов осында сөйлеген сөзінде Түркия жіберген вакцина және дәрілердің эпидемиямен күреске маңызды үлес қосатынын айтты. Ол аталмыш көмек үшін түрік халқы мен үкіметіне алғыс білдірді.

Өкілетті елші Бекар да осы көмектің екі халық арасындағы өзара ұйымшылдықтың көрсеткіші екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар