Қазақстанның халықаралық телефон коды өзгереді

Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бұл туралы хабарлама жасады.

1708756
Қазақстанның халықаралық телефон коды өзгереді
cep telefonları.jpg

Қазақстан Кеңес Одағы ыдыраған соң Ресеймен бірге қолдана бастаған +7 болған Қазақстан халықаралық телефон кодын +997-ге өзгертуге шешім қабылдады.

Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі аккаунтында БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағының Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгілегенін мәлімдеді.

Кеңес Одағы ыдыраған соң +7 халықаралық телефон кодының әрі Қазақстан, әрі Ресейге бірдей бекітілгенін атап көрсеткен Мусин «Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады» деді.

«Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды бекітілді!» деді, ол.

Қазақстан 2023 жылдан бастап жаңа халықаралық кодқа ауысады деп жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар