Армения Әзербайжан шебіне оқ атты

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения әскерлерінің оқ атқанын хабарлады.

1679901
Армения Әзербайжан шебіне оқ атты

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения әскерлерінің екі ел шекарасындағы Кельбаджар бағытындағы Әзербайжан шебіне оқ атқанын хабарлады. 

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Кельбаджар уәлаятының Зейлік ауылы бағытындағы шептерге жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30 мөлшерінде Басаргечер уәлаятындағы Жоғарғы Шорча ауылындағы Армения шебінен мергендер және автоматты мылтықтармен белгілі уақыттарда оқ атылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Әзербайжан әскерлерінен өлген және жараланған жоқ екені, қарсы тараптың қарымжы оғымен тосылғаны хабарланды.  



Ұқсас жаңалықтар