Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркияға келеді

Қырғызстан мен Түркия Стратегиялық Ынтымақтастық жоғарғы кеңесінің 5-ші жиналысы да осы кезеңде өткізіледі.

1653452
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркияға келеді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың 9-11 маусымда Түркияға ресми сапармен келетіні хабарланды.

Қырғызстан Президенттік сарайы Сыртқы саясат басқармасының төрағасы Дастан Дүшекеев жасаған мәлімдемесінде Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың 9-11 маусымда Түркияға ресми сапарында президент Ердоғанмен кездесетінін білдірді. 

Дастан Дүшекеев екі лидердің Түркітілдес Мемлекеттер Ынтымақтастық Кеңесі Түрік Кеңесі көлемінде екі жақтылы және көп салалы ынтымақтастықпен бірге күн тәртіптегі тақырыптар жөнінде көзқарас алмастыратындарын айтты.

Сапар аясында екі ел басшыларының қатысуымен Қырғызстан мен Түркия Стратегиялық Ынтымақтастық жоғарғы кеңесінің 5-ші жиналысы өткізілетінін айтқан Дүшекеев Жапаровтың ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоппен де кездесетінін хабарлады.

Дүшекеев Садыр Жапаровты Қырғызстан мен Түркия Бизнес форумында іскерлерге баяндама жасайтынын және Түркиядағы Қырғызстан азаматтары, студеттері мен астана Анкарада жұмыстанған азаматтық ұйымдардың өкілдерімен де бас қосатынын білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар