Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында дағдарыс шықты

Тәжікстанның Қырғызстанның Ош облысы Чоң Алай ауданы Унжу-Бұлақ өңіріне шекарадан рұқсатсыз кіргені себепті тағы дағдарыс шықты.

1651999
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында дағдарыс шықты

Тәжікстан Қарулы күштері Қырғызстанмен таластағы шекара желісіне контейнер орналастырды. Бұл аймақта дағдарысқа себеп болды.

Қырғызстан Ұлттық Қауіпсіздік Мемлекеттік комитеті Шекара қызметтері баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеде Тәжікстанның Қырғызстанның Ош облысы Чоң Алай ауданы Унжу-Бұлақ өңіріне шекарадан бір километр ішке кіріп, контейнер орналастырғанын және шекара желісінде сауытты көліктермен әрекет жасағандары бақыланғанын хабарлады.

Қырғызстан Тәжікстанды екі ел арасындағы шекара белгілеу жұмыстарын жүргізген үкіметтер арасы делегациялардың шекара жайлы бұрын жасалған келісімді бұзды деп айыптады. Дағдарыстың асқынбауы үшін шаралар жасалғанын жариялады.

Екі ел арасындағы шекара аймағында "Головной" атты су бөлісу қоймасын бақылау үшін 28-30 сәуірде 60 әскер мен жай азамат қаза тапқан қақтығыс болған еді.

Тәжік пен қырғыз азаматтар тұратын аймақ таластағы шекара мәселесі себепті жер, егістікті суландыру, мал бағу, жолды ортақ пайдалану және шекарадан рұқсатсыз кіріп-шығу сияқты көптеген себеппен дағдарысқа сахна болып келеді.  



Ұқсас жаңалықтар