Түркістанда түрікше Құран Кәрім таныстырылды

"Түрікстан Түркі әлемінің рухани астанасы" тақырыпты халықаралық конференцияда Құран Кәрім таныстырылды.

1648093
Түркістанда түрікше Құран Кәрім таныстырылды

Қазақстанда 10-шы ғасырда тұңғыш рет байырғы түрік тіліне аударылған Құран Кәрім таныстырылды.

Құран Кәрім Түркістанда өткізілген "Түрікстан Түркі әлемінің рухани астанасы" тақырыпты халықаралық конференцияда таныстырылды.

10-шы ғасырда Карахан мемлекеті кезінде тұңғыш рет байырғы түрік тіліне аударылған Құран Кәрімнің ғылыми көшірмесі кітап ретінде басылды. 

Халықаралық Түрік Академиясы тарапынан басылған кітап Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи Түрік Қазақ университеті ынтымақтастығымен ұйымдастырылған "Түрікстан Түркі әлемінің рухани астанасы" тақырыпты халықаралық конференцияда таныстырылды.

Түркістанның рухани ерекшеліктері мен құндылықтары талқыланған конференцияға Түріксой Бас хатшысы, Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары, Халықаралық Түрік Академиясының төрағасы, Түркияның Алматыдағы Бас консулы, Ахмет Яссауи Түрік Қазақ университетінің ректоры және көптеген ғалымдар мен қонақтар қатысты.

Халықаралық Түрік Академиясының төрағасы Дархан Қыдырәлі сөзінде тұңғыш рет түрік тіліне аударылған Құран Кәрімнің қазірге дейін қорғалған жалғыз  және толық нұсқасы Түркиядағы Түрік және Ислам мұражайында көрмеге қойылған Стамбұл нұсқасы екенін білдіріп: "Жарияланған кітаптың Стамбұл нұсқасы болуы және Түркістан рухани астана ретінде жарияланған жылы Түркістан өңіріне оралуы өте мағыналы" деді.

Кезінде аталмыш Құран Кәрімнің арабшадан түрікшеге аударылуымен тіліміздің  байығанын айтқан Қыдырәлі:

"Карахан мемлекеті кезінде тұңғыш рет байырғы түрік тіліне аударылған Құран Кәрімді Ахмет Яссауи сияқты ғұламаларымыз оқып, өскен болар. Ұлы ақындар мен ойшылдарымыздың жетілуінде осы Құран Кәрімнің қосқан есесі болуы мүмкін. Мың жылдың алдында аударылғандықтан толық білмесек те, осылай бағалай аламыз" деді.

10-шы ғасырда Түркістан ғалымдарының да еңбегімен Қарахан түрік тіліне аударылған Құран Кәрімнің ғылыми көшірмесі болған кітаптың алғы сөздерін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Қазақстанның тұңғыш елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазды. 

Кітаптың бірнеше нұсқасы Қожа Ахмет Яссауи мұражайына ұсынылады. Алдағы кезеңдерде  Халықаралық Түрік Академиясына мүше елдерде таныстырылады. 

 



Ұқсас жаңалықтар