Әлиев Зарифті қабылдады

Әлиев Иран мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастың тарихтағы ең жоғарғы өреге жеткенін білдірді.

1645558
Әлиев Зарифті қабылдады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиеф елі мен Иранның барлық аймақ елдерінің мүддесі үшін талпыныстарын бірлестіруі керектігін айтты.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев кездесулер үшін астана Бакуге барған Иранның Сыртқы істер министрі Джевад Зарифті қабылдады.

Әлиев қабылдаудағы сөзінде Иран мен Әзербайжан арасындағы сауда мөлшері артқанын, індетке қарамай беталыстың жақсы екенін тілге тиек етті.

Әлиев Иран мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастың тарихтағы ең жоғарғы өреге жеткенін білдірді.

Таулы Қарабах соғысынан кейін аймақта жаңа мүмкіндіктер қалыптасқанын айтқан Әлиев:

"Екі бауырлас ел Иран мен Әзербайжан аймақта ұзақ уақыттық және түбегейлі бейбітшіліктің орнауына есе қосуға тиіс. Иран үкіметінің де осы көзқараста екеніне сенемін" деді.

Зариф те Иран мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастың жоғарғы өреге жеткеніне риза екенін айтты.

Джеват Зарив:

"Жеңіске орай сізді құттықтаймын. Аймақта бейбітшіліктің орнауында маңызды рол атқарасыз. Армениямен бейбітшілікті қамдауды қалайтыныңызды айтқаныңыз үшін сізге алғыс айтамын. Бұл өте маңызды, Иран бейбітшіліктің орнауымен бірге азат етілген аймақтағы қайта құруда орын алуға дайын" деді.



Ұқсас жаңалықтар