Каспийде әскери жаттығу
Жаттығу 24 мамырға дейін жалғасады.
Қазақстанның әскери-теңіз күштері мен Ресей әскери-теңіз флоты Каспий филотилиясының біріккен кеме тобы Каспийде бірлескен жаттығулар ұйымдастырды.
24 мамырға дейін жалғасатын жаттығу Каспийдің солтүстік бөлігіндегі экономикалық белсенділік элементтерін қорғау мақсатында ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығуға Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов жетекшілік етеді.
Қазақстанның қорғаныс министрлігі бірлескен оқу-жаттығу Каспийдің солтүстік бөлігіндегі экономикалық қызметті қорғау деген атаумен ұйымдастырылғанын хабарлады. Сонымен қатар, «экономикалық іс-әрекеттің элементтерін қорғау мақсатында тапсырмалар анықталады және жаттығуда жаңа соғыс әдістері зерттеледі» деген сөздер орын алды.
Оқу-жаттығуға Қазақстаннан 5 әскери кеме мен әскери ұшақтар қатысады.
Ресей жағынан ракеталар, мина іздеу және тексеру кемелері қатысуда.
Ұқсас жаңалықтар
Түрікменстан газы Әзербайжан мен Грузия арқылы Түркияға жеткізіледі
Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар мәлімдеме жасады.