Шекара қақтығысында қаза тапқандар саны артты

Екі ел басшылар шекара жөнінде келісімге келуге тырысады.

1634581
Шекара қақтығысында қаза тапқандар саны артты

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында 29 сәуір күні болған қарулы қақтығыста қаза тапқандар саны 55-ке жетті.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі елдің оңтүстігіндегі Баткен облысында өткен аптада болған қарулы қақтығыста қаза тапқан қырғыз азаматтарының санының 36-ға жеткенін білдірді.  Қаза тапқандардың үшеуі – әскер. Сонымен бірге 183 адамның жарақат алғаны білдірілді.

Бір жағынан Тәжікстан баспасөзінде жарияланған бір хабарға қарағанда, қарулы қақтығыста қаза тапқан тәжік азаматтарының саны 19. Олардың тоғызы әскер болған. 88 тәжік азаматының жараланғаны да айтылған.

Осы арада Қырғызстан Ұлттық Қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев екі ел арасында талас болған 112 километрлік жер мәселесінің шешілуіне 9 мамыр күніне дейін келісуге уағдаласқандарын білдірді.

Ташиев талас болған бірнеше шекара бекеті жөнінде келісім жасалғанын,  жақында екі ел президенттерінің бас қосатынын айтты.

Екі ел арасындағы 976 километрлік шекараның қазірге дейін 504 километрлік алаңы бойынша келісімге келінді. Тараптар арасында талас болған шекараның қалған жеріне байланысты келіссөзден әлі нәтиже шықпаған.



Ұқсас жаңалықтар