Үргенч пен Ферганаға ұшақ рейсі басталады

Өзбекстанның Үргенч пен Фергана қалаларына мамыр айында ұшақ рейсі басталады.

1629543
Үргенч пен Ферганаға ұшақ рейсі басталады

Түрік Әуе Жолдары мамыр айында  Өзбекстанның Үргенч пен Фергана қалаларына ұшақ рейсін бастайтынын хабарлады.

Түрік Әуе Жолдарының Бас директоры Билал Екши әлеуметтік желіден бөліскен  мәлімдемесінде:

"Ата жұртқа оралудамыз. Өзбекстанның Үргенч пен Фергана қалаларына ұшақ рейсін бастамыз. Ұшақ рейсі мамыр айында басталады. Интернет парақшамызды бақылап отыруларыңызды өтінемін" деді. 

Министрліктен жасалған мәлімдемеде Түрік Әуе Жолдарының Ташкент пен Самарқанға ұшақ рейстерінің бар екені ескертілді.

Өткен ай Өзбекстанда кездесулер өткізген Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Өзбекстан тарапымен екі ел арасында ұшақ рейстерін көбейтуді кеңескен болатын.  
 



Ұқсас жаңалықтар