Армения халықаралық сотқа есеп береді

Әлиев: "Армения мен шетелдік ортақтары халықаралық сотта есеп береді" деді.

1625150
Армения халықаралық сотқа есеп береді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев:

"Табиғи байлықтарымызды заңсыз қолданған Армения мен шетелдік ортақтары халықаралық сотта есеп береді" деді.

Әзербайжан Мемлекеттік телеарнасына сұхбат берген президент Ильхам Әлиев Арменияның жаулап алуынан құтқарылған аймақтарда басталған қайта құру жұмыстарын баяндады.

Соғыстан кейін 100-ден астам азаматтың Арменияның көміп кеткен миналарының жарылуы салдарынан қаза тапқанын және жараланғанын айтқан Әлиев Арменияның мина картасын бермей соғыс қылмысын жасағанын білдірді. 

Ильхам Әлиев инфрақұрылымы мен құрылыс жұмыстары жайлы:

"Жоспарымыз Арменияны халықаралық сотқа шығару. Бұл жайлы шетелдік мамандар бізге көмекші болады. Табиғи байлықтарымызды заңсыз қолданған Армения мен шетелдік ортақтары халықаралық сотта есеп береді. Өйткені алтын, мыс кендері мен басқа табиғи байлықтарымызды армяндардың талап алуы мен заңсыз пайдалануы халықаралық қылмыс, бұл жайлы заңдық жұмыстар басталды. Шетелдік ортақтар да бұл іске қосылды" деген мәлімет берді. 



Ұқсас жаңалықтар