Әміреев Түрік Кеңесінің жобаларына тоқталды

Әміреев Түрік Кеңесінің "Түркі Әлемі Біріккен Мемлекеттерін"  құруды мақсат еткенін айтты.

1611579
Әміреев Түрік Кеңесінің жобаларына тоқталды

Түркі Тілдес елдер Ынтымақтастық Кеңесі, қысқа аты Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев "Түркі Әлемі Біріккен Мемлекеттерін"  құруды мақсат еткендерін айтты.

Бағдат Әміреев 31 наурызда видео арқылы өткізілетін "Түрік Кеңесі бейресми саммиті" алдында бағаландыру жасады.

Бағдат Әміреев күзде Стамбұлда өткізілуі жоспарланған ресми саммитке дайындық жасалатын видеолы саммитке Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан лидерлері, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мен Түрікменстан лауазымдылары бақылаушы ретінде қатысатынын айтты. 

Түрік Кеңесінің "Түркі Әлемі Біріккен Мемлекеттерін"  құруды мақсат еткенін айтқан Әміреев:

"Қарабах жеңісінен кейін лидерлер тұңғыш рет осы саммитте бас қосады. Сол себепті халық саммитке ерекше мән беруде" деді.

Бағдат Әміреев Қазақстанның Түркістан қаласының "Түркі әлемінің рухани орталығы" деп жариялануы саммиттің күн тәртібіне алынғанын білдірді. 

Бағдат Әміреев Түркі әлеміндегі Стамбұл, Самарқан, Бұқара, Шуша, Баку, Алматы сияқты қалалардың болашақта арнайы мәртебеге жететініне де меңзеді.

Бейресми саммитте "Түрік Кеңесінің 2020-2025 және Түркі әлемі көрінісі-2040"  бағадарламалары қолға алынады.  



Ұқсас жаңалықтар