Хан Сарайы - туристердің таңдаулы мекені

Шеки қаласындағы Хан Сарайына туристер көптеп келеді.

1609248
Хан Сарайы  - туристердің таңдаулы мекені

Әзербайжанның тарихи және табиғи сұлулықтарымен танымал Шеки қаласындағы Хан Сарайына туристер көптеп келеді.

Әзербайжан орта шақ архитектурасының маңызды туындылары арасында көрсетілетін,  ЮНЕСКО тарапынан 2019 жылы Әлемдік Мәдени мұра тізіміне енгізілген Шеки Хан Сарайы табиғат пен тарих тоғысқан мекен ретінде келушілерді таңғалдырады.

Сарайды Шеки хандығының құрушысы Қажы Челеби Ханның немересі Мұхаммед Хүсейін Хан Мұштаг 1762 жылы салғызған. Сарайдың төңірегі қорғанмен қоршалған, қорғанның артында орманмен ұштасқан таулар созылып жатыр.

Елдегі тоғыз күндік Наурыз мерекесін пайдаланған жергілікті туристердің таңдаулы мекені Шеки қаласы болды. Шеки Хан Сарайы да туристердің таңдаулы дестинацияға айналды.



Ұқсас жаңалықтар