Түрік сыртқы істер министрі Бішкекте

Бішкекте министрді президенті Садыр Жапаров қабылдады.

1598479
Түрік сыртқы істер министрі Бішкекте

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен Қырғызстанға барды.  Бішкекте министрді президенті Садыр Жапаров қабылдады.

Қабылдауда саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық тақырыптары қолға алынды.

Жапаров биыл отыз жылдығын тойлап отырған Түркия –Қырғызстан дипломатиялық қарым-қатынастарының жағдайына риза екенін тілге тиек етті. Ол егіншілік, текстиль, кен, гидроэлектр және басқа да салаларда ынтымақтастық жетілдірудің, бірігіп жұмыс істеудің маңызына тоқталды.

Садыр Жапаров Қырғызстан мен Түркияның экономикалық әлеуеті жететін маңызды жобалардың жүзеге асырылуы керектігін, сауда айналымын 1 миллиард долларға көтеру қажеттігін білдірді.

Бішкекте Ата-Бейіт монументалды ескерткішіне барған министр Чавушоғлу артынан қырғыз әріптесі Руслан Қазақбаевпен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді. Ол Қырғызстан-Түркия Манас Университетінің де екі елдің бауырластығының бір көрсеткіші екенін атап айтты.  Сыртқы істер министрі білім немесе басқа да салаларда Фетуллахшы террорлық ұйым секілді ұйымдар керек еместігіне назар аударды. «FETÖ тек біз үшін ғана емес,  Қырғызстан үшін де қауіпті» деді ол.

Екі елдің білім және ғылым саласында да серіктестік жасағанына назар аударған министр Түркия Маариф фондының Қырғызстанда білім сапасы өте жоғары оқу ордаларын ашатынын айтты. «Маариф мектебі Орталық Азияда ашылатын тұңғыш Маариф фонды мектебі болады.  Бұл Қырғызстанға деген маңызды ықыласымыздың бір  көрсеткіші» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар