Әзербайжан тұтқын тізімін берді

Ал Армения уақытында бермеді.

1566096
Әзербайжан тұтқын тізімін берді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров тұтқын алмасы тақырыбында Әзербайжанның тізімді бергенін білдірді. Ал Арменияның тізімінің уақытында және толық келмегенін айтты.

Лавров 2020 жыл қорытындыланған баспасөз мәслихатында Қарабахта жасалған келісімге тоқталды. Тұтқын алмасу тақырыбында Арменияның міндетін орындамағанын білдірген орыс министр тұтқын санының айтылғаннан көп екенін, сондықтан анықтау жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.

Лавров 9 қараша күні қол қойылған декларация тысында жасырын келісім жоқ екенін, бейбітшілік келіссөздерінде Қарабахтың мәртебесі тақырыбына тоқталмағанын атап көрсетті. Ол басымдықтың Қарабахта қалыпты өмірге өту екенін, Ереван әкімшілігінің жағымсыз мәлімдемелерден аулақ болуы керектігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар