Таулы Қарабахтағы шейіттердің саны жаңартылды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1566194
Таулы Қарабахтағы шейіттердің саны жаңартылды

Таулы Қарабахтағы жерлерін оккупациядан құтқару үшін Әзербайжан армиясының 2 мың 855 әскерінің шейіт болғаны хабарланды.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі 27 қыркүйек күні басталған және 10 қараша күні Арменияның жеңілісті мойындаған келісімге қол қоюмен аяқталған соғыстағы адам шығындары туралы ақпаратты жаңартты.

Бұған дейін 2 мың 841 деп жарияланған шейіт санының кейбір мәйіттердің табылып, кім екендерінің анықталуымен 2 мың 855-ке өскені мәлімденді.

50 сарбаздың із-түссіз жоғалғанын жариялаған министрлік жерленген шейіттердің тізімін де қоғаммен бөлісті.

Әзербайжан армиясы 2020 жылы 27 қыркүйек күні бастаған операцияда 5 қала орталығы, 4 аудан және 286 ауылды азат еткен соң Армения жеңілісті қабылдап, оккупацияның артынан Ағдам, Лачын және Келбеджер қалаларынан да шегінетінін уәде еткен келісімге қол қойған болатын.

Армения армиясы 20 қараша күні Ағдамнан, 25 қараша күні Келбеджерден және 1 желтоқсанда Лачыннан шегінген еді.



Ұқсас жаңалықтар