Әзербайжан әскері армяндарға көмектесті

Әзербайжан әскерлері бейбіт тұрғындардың аймақтан кетуіне көмектесіп жатыр.

1534132
Әзербайжан әскері армяндарға көмектесті

Таулы Қарабахта қақтығыстарды доғарған келісімге сәйкес Әзербайжанның жерін басып алған армян әскерлер мен бейбіт тұрғындар кетіп жатыр.  Әзербайжан әскерлері бейбіт тұрғындардың аймақтан кетуіне көмектесіп жатыр.

Қысқа уақыт бұрын армяндардың үйлерді, мемлекеттік ғимараттарды және ормандарды өртегені түсіріліп алған болатын.  Осыған қарамастан Әзербайжан әскерлері Әзербайжан жерінен уақытында кете алмаған армяндарға көмектесіп жатыр.

Әлеуметтік желідегі бір көріністе Агдам қаласына қарасы Абдал Гулаблы ауылында үйлерін босата алмаған кейбір армяндарға Әзербайжан әскерлерінің көмектескені көрінеді.  Көріністерде әзербайжандық қолбасшы армян бейбіт тұрғындарға «Қаласаңыз, Әзербайжан азаматы ретінде осында қалуыңызға болады.  Қаласаңыз,  кете беріңіз.  Ешкім сізге тиіспейді. Сіздерге бұрын да көмектескен едік» деді.

Бейбіт армян халқы да қолбасшының айтқандарын мақұлдап, алғыс айтты.

Көріністерде артынан әзербайжандық әскерлердің армян азаматтардың жүктерін көлікке тиеп бергені орын алады.

Әзербайжан армиясы 27 қыркүйекте бастаған Қарабах операциясында жеңіске жетіп, осы жеңіс Арменияның 10 қараша күні бітімге қол қоюына себеп болған еді. Армения қарулы күштері бітімге орай 20 қараша күні Агдамнан кетті. Армения 15 қарашада тапсыруы керек Келбежерді уақытында тапсыра алмағандықтан Әзербайжаннан қосымша он күн сұраған еді.

Армения Лачынды да 1 желтоқсан күні кері қайтарады.



Ұқсас жаңалықтар