Қорқыт Ата фильм фестивалі болады

Түркі әлемінен келген туындылар жарысатын фестиваль 8-12 желтоқсан күндері аралығында өтеді.

1525389
Қорқыт Ата фильм фестивалі болады

Халықаралық Кинематография қауымдастығы тарапынан бірінші рет ұйымдастырылатын Қорқыт Ата түркі әлемі фильм фестивалі Стамбулда болады.

Түркі әлемінен келген туындылар жарысатын фестиваль 8-12 желтоқсан күндері аралығында өтеді.

Түрік қоғамдарының бірлігі мен ұйымшылдығын жырлап кеткен Қорқыт Ата атымен аталған фестиваль бағдарламасына түрік тілінде және диалектілерінде түсірілген, тәуелсіз түрік республикаларына қоса автономдық және басқа да түрік аймақтарынан 43 фильм көрсетіледі. Жиындар мен көрмелер өткізіледі.

Сол бағдарлама фестиваль аяқталғаннан кейін жыл сайын Түрік әлемі мәдениет астанасы сайланған қалада қайталанады.

Фильм фестивалінің бағдарламасын www.turkdunyasifilmfestivali.orgадресінен көруге болады.



Ұқсас жаңалықтар