СКТР президенттік сайлаудың екінші туры басталды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) халқы президенттік сайлаудың екінші туры үшін дауыс беруде.

1511067
СКТР президенттік сайлаудың екінші туры басталды

Кипр түрік халқы алдағы 5 жыл үшін міндет атқаратын президенті сайлау үшін сағат 08:00-ден бастап дауыс бере бастады.

Сайлаудың екінші турында премьер-министр Ұлттық Бірлік партиясының президенттік сайлау үміткері Эрсин Татар мен президент және тәуелсіз үміткер Мұстафа Акынджы жарысады.

11 қазан күні болып өткен сайлаудың алғашқы турында Татар дауыстардың 32,34 пайызын алып бірінші, Акынджы болса 29,80 пайызын жинап екінші орын алған еді.

Дауыс беру мерзімі жергілікті уақытпен 18.00-ге дейін жалғасып, тіркеулі 199 мың 29 сайлаушы 738 сандықта дауыс бере алады.

Жоғары сайлау кеңесінің сайлау нәтижесін бүгін кешкі 20:00-ға дейін жариялауы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар