Жээнбеков халқына алғыс айтты

Қырғызстан парламенті президент Жээнбековтың отставкасын бекітті.

1510443
Жээнбеков халқына алғыс айтты

Қырғызстан парламенті президент Сооронбай Жээнбековтың отставкасын бекітті.

Қанат Исаевтың басшылығында 120 орынды парламент мүшелері Бішкекте Төтенше жағдайдың алынып тасталуы және президенттің отставкасын талқылау мақсатымен бас қосты. Депутаттар жиналған залған Жээнбеков Мәжіліс төрағасы Қанат Исаев және премьер-Министр Садыр Жапаровпен бірге кірді.

Отырыста Бішкекте төтенше жағдайдың алынып тасталуы және президенттің отставка шешімі ауызбіршілікпен қабылданды.

Дауысқа салудан бұрын мәжілісте соңғы рет сөз сөйлеген Жээнбеков міндетінде үш жыл қызмет атқарғанын еске салып,  елде бейбітшілікті орнату және қоғамның бөлінуінің алдын алу үшін міндетінен кетуге шешім бергенін айтты. Соңғы күндері елдегі оқиғаларды заңдық негізгі орнықтыру үшін қолынан келгенді атқарғанын айтқан Жээнбеков өзіне қолдау білдірген халқына және Ресей, Қазақстан, Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания секілді елдермен қоса БҰҰ, Еуропа Одағы мен Түрік Кеңесіне алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар