Бішкекте төтенше жағдай жарияланды

Атамбаев Жээнбековтың отставкаға кетуін талап етті.

1506087
Бішкекте төтенше жағдай жарияланды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай жариялады.

Қырғызстанда абақтыдан шығарылған бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев президент Жээнбековтың отставкаға кетуін талап етті. Ол өзі құрған Социал демократ партияның орталығында жақтастарына үн қатты.

Атамбаев билігі кезінде жасаған қателіктері үшін Қырғызстан халқынан кешіріп сұрап,  президент Жээнбековты сынады. Бұрынғы президент Жээнбековтың отставкаға кетуін, халықтық бірлік пен тұтастығының сақталуын талап ететіндерін айтты.

Атамбаев жақтастарымен бірге Бішкектегі Аталау алаңында жиналу үшін шеру бастады.

Президент Сооронбай Жээнбеков те шерушілердің жиналуының алдын алу үшін Бішкекте жергілікті уақытпен сағат 20.00-08.00 арасында төтенше жағдай жариялады.



Ұқсас жаңалықтар