Азат ету операциясы таңертеңге дейін жалғасты

Әзербайжан-Армения майдан желісінде қақтығыстар түні бойы жалғасты.

1505856
Азат ету операциясы таңертеңге дейін жалғасты

Әзербайжан армиясының жерін азат ету операциясы жалғасуда.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі кешеден бүгін таңертеңге дейін және барлық майдан желісінде қақтығыстардың жалғасқанын білдірді.

Әзербайжан армиясы Армения армиясының маңызды бағыттардағы нысандарын атқылап, қозғалыстарын шектеді. Қолданылған шаралар арқылы Армения жасақтары арасындағы бақылау мен байланыс үзілді, әскерлер топтық түрде қаша бастады.

Хабарламаға қарағанда,  кешегі операцияларда Армения Қарулы күштерінің Бесінші полкының штабы атқыланды, шабуылда 10-шы батальонның басшысы полковник Самвел Григориян ауыр жарақат алды. Полктың қолбасшысы подполковник Арман Дермеян және көптеген әскер қаза тапты.

Ханкенди қаласындағы армян жасақтары эвакуацияланды.

Кешеден бері Армения армиясының он үш танкы, екі сауытты көлігі, төрт Град зымыран кешені,  екі гаубица, екі радар жүйесі және көптеген көлігі жойылды.



Ұқсас жаңалықтар