Әзербайжан армиясы 3 ауыл мен кейбір стратегиялық төбелерді бақылауға алды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мәлімдеме жасады.

1503638
Әзербайжан армиясы 3 ауыл мен кейбір стратегиялық төбелерді бақылауға алды

Әзербайжан армиясы оккупацияланған елді-мекендерді азат ету үшін бастаған операция аясында Жебраилдің 3 ауылы мен кейбір стратегиялық төбелерді бақылауға алды.

Кеше күнімен жалғасқан қақтығыстар Жебраил бағытында шоғырланды және Әзербайжан армиясы Шыхали Ағалы, Сарыджалы және Мезре ауылдарын оккупациядан құтқарды.

Әзербайжан армиясы бірнеше стратегиялық төбені армян күштерінен тазалады.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемесінде «Бүгін Әзербайжан армиясы Джебраил қаласының Шыхали Ағалы, Сарыджалы және Мезре ауылдары мен әртүрлі жерлердегі бірнеше стратегиялық төбені оккупациядан құтқарды. Батыр армиямыздың табысты операциялары жалғасуда. Қарабах Әзербайжан жері болып табылады» деді.

Әзербайжан әскерлері Армения армиясының 3 танк пен 4 град зымыран жүйесін жойды.

Әзербайжан армиясының ілгерілеуі жалғасып жатқанда, Армения күштерінің бейбіт тұрғын аймақтарына ауыр қарулармен шабуылы жалғасты.

Елдің 2-ші үлкен қаласы Гендже мен Тертер, Ағдам, Ағджебеди, Бейлеган, Гөйгөл, Берде және Горанбой қала орталықтары мен ауылдарға артиллерия оғы жаудырды.

Берде мен Ағдамға жасаған шабуылында 2 жазықсыз адам қаза тапты.

Әзербайжан бас прокуратурасына қарағанда Арменияның 27 қыркүйектен бері жасаған шабуылдарында қаза тапқан бейбіт адамдардың саны  27-ге жаралы саны болса 141-ке көтерілді.

Сондай-ақ шабуылдарда 376 тұрғын үй мен 63 мекемелік ғимаратқа зиян келді.

Басқа жағынан АҚШ Мемлекеттік хатшысыМайк Помпео, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Франция Сыртқы істер министрі Джан Ив-Дриан ортақ декларацияға қол қойып, тараптарды қақтығыстарды тоқтатуға шақырды.

Ресей президенті Владимир Путиннің Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен, Сыртқы істер министрі Лавровтың болса Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефонда сөйлескені білдірілді.

Мәскеу әкімшілігі Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Минск тобы тең төрағаларының қатысуымен Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлерінің кездесуін Мәскеуде жүзеге асыруға дайын екендерін бекітті.



Ұқсас жаңалықтар