Сайлау нәтижесіне наразылық білдірді

Олар сайлаудың әділ өтпегенін айтты.

1503092
Сайлау нәтижесіне наразылық білдірді

Қырғызстанда кеше болған депутаттық сайлауда саяси межеден аса алмаған партия мүшелері, лидер және сайлаушылары қорытындыға наразылық білдірді.

Бас қала Бішкекте Орталық сайлау комитетінің ғимараты алдындағы саябақта жиналған «Ата Мекен», «Замандас», «Республика» және «Бір бол» партияларының мүшелері мен сайлаушылары лидерлері сөз сөйлегеннен кейін Президенттік сарайдың қасындағы Алатау алаңына бет алды.

Аталмыш партиялардың өкілдері «Реформа», «Мекен ынтымағы» және «Чоң Қазат» партияларының мүшелерімен бірге ауқымды акция ұйымдастырады деген хабар келді.

Сандары мыңнан асқан шерушілер қырғыз туын алып шығып, ұран тастады.Олар сайлаудың әділ өтпегенін білдірді.

Сонымен қатар Орталық сайлау комитетінің дауысты санауы әлі де жалғасуда.

Кеше болған сайлаудың нәтижесіне қарағанда төрт саяси партия жеті пайыздық межеден асып,  120 орынды мәжіліске депутат жолдайды.

Келесі бес жыл үшін жарысқан 16 партия арасынан «Бірлік», «Мекенім Қырғызстан», «Қырғызстан» және «Бүкіл Қырғызстан» партияларының кандидаттары сайланды.  



Ұқсас жаңалықтар