Қырғызстанда депутаттық сайлау басталды

Қырғызстан халқы алдағы 5 жыл ішінде қызмет ететін депутаттарды сайлау үшін дауыс беруде.

1502386
Қырғызстанда депутаттық сайлау басталды

Ел бойынша құрылған 2 мың 429 және шетелдегі 45 сандыққа тіркелген 3 миллион 523 мың 532 сайлаушы жергілікті уақытпен сағат 08: 00-де дауыс бере бастады.

Сайлаушылар дауыстарын электронды түрде тіркелген сайлау сандықтарында жеке куәліктерін көрсетіп, жүз тану және саусақ іздерін тексеру арқылы қолдана алады.

Жергілікті және халықаралық бақылаушылар қадағалаған сайлауда 120 орындық парламентке кіру үшін 16 партиядан 1912 үміткер жарысады.

Саяси партиялардың парламентке кіруі үшін ел көлемінде 7 аймақта, Бішкек пен Ош муниципалитеттерінде 7 пайыздан асып, кем дегенде 142 мың дауыс жинауы керек.

Сайлау заңы бойынша әр партиядан мәжіліске 65 депутат кіре алады.

Кезкелген бір партия сайлауда жеңіске жеткен жағдайда «көп болған депутаттар» сайлау комиссиясы тарапынан қосымша тізімге алынады.

Дауыс беру жұмыстарының жергілікті уақытпен 20.00-да аяқталуы күтіледі.

Орталық сайлау комитетіне 44 саяси партия өтініш беріп, осылардың 28-і әртүрлі себептерден қатысу құқығынан айырылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар