Будапештте бір саябаққа Айтматов есімі берілді

Шараға Қырғызстан президентінің өзі қатысты.

1499821
Будапештте бір саябаққа Айтматов есімі берілді

Әлемге танымал қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматовтың аты Венгрияның бас қаласы Будапештте бір саябаққа берілді.

Айтматовтың аты берілген саябақта шара ұйымдастырылды.  Оған Венгрияға ресми сапармен келген Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбеков, Будапешт қалалық мэрі Гелгели Карачсони және қонақтар қатысты.

Жээнбеков шарада Айтматовтың әлемге танымал жазушы, ойшыл, мемлекет қайраткері, дипломат екенін және шығармаларында адам баласының мәселелерін арқау қылғанын айтты. Будапешттің Еуропаның ең сұлу қалаларының бірі екенін білдірген қырғыз президент Қырғызстанның мақтанышы Айтматовтың есімінің осында жаңғыруына риза болғанын атап көрсетті.

Будапешт қалалық мэрі де Айтматовтың әлемге әйгілі ойшыл екеніне назар аударып, гуманизм мен еркіндік талап еткен кісілердің оның туындыларын оқуы керектігін ескертті.

Шыңғыс Айтматов Талас облысының Шекер ауылында 1928 жылы дүниеге келген. Шығармалары 157 тілге аударылған Айтматов 2008 жылы Татарстанның бас қаласы Қазанда науқастанып, Германияда емделіп жатқан жерінде қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар