Әлиев Ердоғанға алғыс айтты

Ердоғанның Армения-Әзербайжан майданындағы оқиғалар туралы мәлімдемелері Әзербайжанда ризашылықпен қабылданды.

1499083
Әлиев Ердоғанға алғыс айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанға Арменияның шабуылдарына қарсы Әзербайжанды қолдағаны үшін алғыс айтты.

«Халықаралық теңіз құқығы және Шығыс Жерорта теңізі симпозиумында» сөйлеген сөзінде Президент Режеп Тайып Ердоғанның Армения-Әзербайжан майданындағы оқиғалар туралы мәлімдемелері Әзербайжанда ризашылықпен қабылданды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ердоғанға ризашылығын білдіргенін айтқан президенттің орынбасары Хикмет Гаджиев: «Ердоған әсіресе Армения жасаған шабуылдың алғашқы сағаттарында қатаң айыптап, абсолютті қолдау көрсетті. Әзербайжан халқы бұл қолдауды жоғары бағалайды» деді.

Товуз аймағына жасалған шабуылда да Арменияны бірінші минутта  айыптаған елдің Түркия екенін еске салған Гаджиев: «Президент Әлиев те Әзербайжанның әрқашан Түркияның жанында болатынын айтты. Әзербайжан мен Түркия «бір ұлт, екі мемлекет» түсінігіне сай,  барлық тақырыптарда ұйымшылдық көрсетуде» деді.



Ұқсас жаңалықтар