"Халықаралық ұйымдар Пашинян режимінің әрекеттеріне көз жұмып отыр"

Президент Әлиев Пашинянның аймақ бейбітшілігі мен қауіпсіздігін нысанаға алғанын білдірді.

1499532
"Халықаралық ұйымдар Пашинян режимінің әрекеттеріне көз жұмып отыр"

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев халықаралық қоғамның Армения премьер-министрі Никол Пашинянның әрекеттеріне көз жұмып отырғанын атап көрсетті.

Әлиев елде міндетін бастаған Пәкістанның Әзербайжандағы өкілетті елшісі Билал Хайені қабылдады. Хайе Әлиевке елінің сенім хатын ұсынды. Әлиев осында жасаған мәлімдемесінде Пәкістанды Кашмир мәселесінде әрдайым қолдағандарын атап көрсетті.

Пәкістанның Арменияны ел ретінде танымағанын еске салған Әлиев «Бұл өзара қолдау біздің ынтымақтастықтың бауырмалдық сипатын көрсетеді. Пәкістанға біздің еліміздің аумақтық тұтастығына қатысты ұстанымы үшін алғыс айтамыз» деді.

Арменияның 27 қыркүйекте Әзербайжанға шабуыл жасағанын білдірген Әлиев бұл шабуылдарда 10 Әзербайжан азаматының қаза тауып, 20-дан астам бейбіт тұрғынның жараланғанын атап өтті.

Әзербайжан армиясының Таулы Қарабахтағы операцияларын сәтті жалғастырып жатқанына назар аударған Әлиев «Біз өз жерімізде соғысып жатырмыз. Таулы Қарабах - Әзірбайжанның ажырамас бөлігі. Халықаралық қоғам біздің еліміздің шекара тұтастығын мойындайды» деді.

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның аймақ бейбітшілігі мен қауіпсіздігін нысанаға алғанын айтқан Әлиев «Өкінішке орай, халықаралық ұйымдар Пашинян режимінің әрекеттерін көз жұмып отыр. Диктатура Арменияда ресми саясатқа айналды. Егер халықаралық қауымдастық ақымақ бір диктаторды тоқтата алмаса, Әзірбайжан тоқтатын болады. Әзірбайжан оған өз орнын көрсетіп, аумақтық тұтастықты қалпына келтіреді» деді.



Ұқсас жаңалықтар