Арменияның бір мотоатқыштар полкы жойылды

Бұл туралы Әзербайжан Қорғаныс министрлігі мәлім етті.

1499349
Арменияның бір мотоатқыштар полкы жойылды

Армения мен Әзербайжан майдан желісінде қатты қақтығыстар жалғасуда.

Алға жылуын жалғастырған Әзербайжан армиясы Армения армиясының бір мотоатқыштар полкын жойып жіберді.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі басшысы Вагыф Даргахлы осы тақырыпта мәлімдеме жасады.

Ол: «Армян қарулы күштері басып алған Ходжавенд аймағында орналасқан 3-ші Мартуни мотоатқыштар полкы жермен-жексен болды» деді.

«Адам және әскери жабдық шығынына ұшыраған жау полкы толығымен жойылды» деген Даргахлы жау армиясы қолбасшылығының баршаны өлі және жаралыларды тасымалдауға көмектесуге шақырғанын білдірді.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армени күштерінің Фузули-Жебраил және Агдере-Тертер бағыттарында айырылып қалған бекіністерін кері алу үшін түні бойы шабуылдағанын білдірген еді. Әзербайжан армиясы да осы аймақтардағы армян шабуылдарына төтеп берді.



Ұқсас жаңалықтар