Кипр түріктері Әзербайжанның жанында

Президент Акынджы Әзербайжан халқына Кипр түрік халқы атынан ұйымшылдық сезімдерін жеткізді.

1498362
Кипр түріктері Әзербайжанның жанында

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Мұстафа Акынджы Әзербайжан жеріне бағытталған шабуылдарды айыптап,  дос және бауырлас Әзербайжан халқына Кипр түрік халқы атынан ұйымшылдық сезімдерін жеткізді.

Мұстафа Акынджы жазбаша хабарлама жариялап, Армения мен Әзербайжан арасында ондаған жылдардан бері шешілмеген Таулы Қарабах мәселесінің тағы ыстық қақтығысқа айналғанын айтты.  Акынджы: «Халықаралық құқық тұрғысынан Әзербайжан жері болып саналатын Таулы Қарабахта тәуелсіздік көрінісінің астында жасырынған армян билігін Әзербайжан халқы еш қабылдамады» деді.

«Әзербайжан жеріне бағытталған шабуылдарды айыптаймыз.  Дос және бауырлас Әзербайжан халқына Кипр түрік халқы атынан жылы сезімдерімізді жеткіземіз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар