Октай Бакудің 102 жылдығын құттықтады

Фуат Октай Бакудің дұшпандардан құтқарылуының 102 жылдығын құттықтады.

1491286
Октай Бакудің 102 жылдығын құттықтады

Президенттің орынбасары Фуат Октай Әзербайжанның астанасы Бакудің Кавказ Ислам армиясы тарапынан армян және большевик қарақшыларынан құтқарылуының 102 жылдығын құттықтады.

Фуат Октай әлеуметтік ақпарат желісінен жариялаған мәлімдемесінде:

"Әзербайжанның астанасы Бакудің дұшпан жаулап алуынан құтқарылуының 102 жылдығында Нури Паша Киллигил мен Кавказ Ислам армиясының батырларын сағына еске аламыз. Өткенде болғанындай, бүгін де жанымыз Әзербайжанмен жүрегіміз бірге соғады" деді.



Ұқсас жаңалықтар