Өзерсой Жерорта теңізі жағдайын бағаландырды

Кудрет Өзерсой Түркияның СКТР-мен бірге Шығыс Жерорта теңізінде белсенді саясат қабылдағанын айтты.

1478427
Өзерсой Жерорта теңізі жағдайын бағаландырды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Сыртқы істер министрі Кудрет Өзерсой Түркияның СКТР-мен бірге Шығыс Жерорта теңізіндегі құқықтарына ие болу үшін белсенді бір саясатты қабылдағанына назар аударды.

Министр Өзерсой:

"Қаратеңізде болғанындай, Шығыс Жерорта теңізінде де жұмыстарды табандылықпен жалғастыратын болсақ, Шығыс Жерорта теңізі аймағында әрі СКТР-ның теңіз билік алаңдары ішіндегі, әрі Түркияның теңіз билік алаңдары ішіндегі байлықтарына қол жеткіземіз" деді.

Кудрет Өзерсой аймақтағы актерлерге Шығыс Жерорта теңізіндегі өзгермейтін міндеттерінің ынтымақтастық екенін ескертіп:

"Келіңдер, ынтымақтастық жасайық, сөйлесейік, бұл байлықтарды бөлісейік дейміз. Егер мұны өзіміз ғана жасаймыз десе, біз сізге қарсы күш қолданып, сізді тосудың орнына, біз де осы қадамдарды басамыз дедік. Осы қадамдарды басатынымызды және нәтиже де шығаратынымызды көрсеттік" деді.

Өзерсой белді бекем байлаудың аймақта әрі Түркияға, әрі СКТР-на күш беретінін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар