Түрік дәрігерлер Өзбекстанда

Олар коронавирустың жаңа түрімен күресте қолдау беруге кетті.

1461816
Түрік дәрігерлер Өзбекстанда

ТР Денсаулық сақтау Министрлігінің Коронавирус Ғылыми Кеңесінің мүшелері Өзбекстанда жұмыс істей бастады. Олар коронавирустың жаңа түрімен күресте қолдау беруге кетті.  

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда, президент Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі Коронавирус  ғылыми кеңесінің мүшелері проф. Доктор Реджеп Өзтүрік, проф. Доктор Левент Акын және Проф. Доктор Хатиже Рахмет Гюнер Өзбекстанның Коронавирус орталығында болып, кездесулер өткізді.

Кейін түрік дәрігерлері Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі Алишер Шадмановпен кездесіп, індетке қарсы шаралар мен емдеу әдістері, екі ел ынтымақтастығының жағдайы және перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ тараптар коронавирустық инфекция белгілері, диагностика әдістері, емдеу хаттамалары, әртүрлі жастағы пациенттердің емделуін бақылау және басқа да тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Түрік дәрігерлері Ковид-19 науқастарының емделу барысында қолданылған ауруханаларды аралап, емделу әдістері, ел көлемінде індеттің таралуына байланысты жағдайды тексереді.

Мәлімдемеге қарағанда өзбек тарапы Түркияның Ковид-19 індетімен күрес тәжірибесін Өзбекстанда пайдалану мүмкіндіктерін талқылайды.

Ғылыми кеңес мүшелері жұмысын 30 шілдеге дейін жалғастырады.



Ұқсас жаңалықтар