Әзірбайжан Арменияның шабуылы жалғасқанын жариялады

Әзірбайжан Арменияның шекара шебіндегі атысты тоқтатуға қайшылықтары жалғасып жатқанын жариялады.

1459233
Әзірбайжан Арменияның шабуылы жалғасқанын жариялады

Әзірбайжан Арменияның шекара шебіндегі атысты тоқтатуға қайшылықтары жалғасып жатқанын жариялады.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемешісі полковник Вагиф Дергахлы Армения армиясының шекара шебінің түрлі жерлерінде қару қолдану жолымен атысты тоқтатуды бұзғанын, қарсы тараптың шептегі іс-шараларын Әзірбайжан армиясының тоқтатқанын хабарлады. 

Вагиф Дергахлы алдын алу шаралары арқылы Армения армиясының екі әскері ауыр жараланғанын айтты.

Армения армиясы 12 шілдеде шекараның Товуз аймағында Әзірбайжан шебіне зеңбіректі қамтыған шабуыл жасаған, Әзірбайжан армиясының қайтарма соққы беруімен шығындалып, кері шегінген болатын.

Қақтығыста Әзірбайжан армиясынан 4 әскер шейіт болған, 4 әскер жараланған еді.

Осыдан кейін де жалғасқан қақтығыстарда Әзірбайжан армиясынан бір генерал-майорды қамтыған 8 әскер шейіт болды. 



Ұқсас жаңалықтар