Арменияның арандатушылығы жалғасуда

Ереван соңғы 24 сағат ішінде атысты тоқтатудың 53 ережесін бұзды.

1457696
Арменияның арандатушылығы жалғасуда

Арменияның Әзербайжан аумағына арандатушылық шабуылдары жалғасуда.

Ереван соңғы 24 сағат ішінде атысты тоқтатудың 53 ережесін бұзды. Ауыр қарулар және мылтықтармен атылған оқтан  адам шығыны болмады,  ал Әзербайжан армиясы оққа қатаң жауап берді.

Атысты тоқтату ережелері Арменияның Берд және Чемберек облыстарында және Армения басып алған Тертер, Ағдам, Фузули және Джебраил облыстарында бұзылды.

Әзербайжанның жаңа сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов байланыстарын жалғастыруда.

Байрамов Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және Иранның сыртқы істер министрі Джевад Зарифпен телефон арқылы кездесті. Ол өзінің әріптестеріне армяндардың Товуздағы шабуылдары туралы хабарлады.

Әзербайжан қорғаныс министрі Закир Хасанов та Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті. Телефон әңгімесінде Кавказдағы жанжалдар мен жалпы жағдай талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар