СКТР Әзербайжанның қасында

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы(СКТР) премьер-министрі Эрсин Татар Кипр түрік халқының әрқашан Әзербайжанның қасында екенін білдірді.

1455304
СКТР Әзербайжанның қасында

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы(СКТР) премьер-министрі Эрсин Татар Кипр түрік халқының әрқашан Әзербайжанның қасында екенін білдірді.

Премьер-министр Татар жасаған жазбаша мәлімдемесінде Армения армиясының шабуылы кесірінен шейіт болған әзербайжандықтарға көңіл айтты. Татар "Кипр түрік халқы әрқашан Әзербайжанның қасында болған. Бұдан кейін де қасында болады. Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Әзірбайжан ет пен тырнақтай біте қайнасқан. Армения қалайда осы шабуылдың шығынын төлейді" деген сөздер қолданды. 

Татар Арменияның Кавказда бейбітшілік және тыныштыққа кедергі жасап келгенін түсіндірді.  Премьер-министр Татар Таулы Қарабахты заңсыз түрде жаулап алған Арменияның соңғы күндерде Әзербайжанға шабуыл жасауының бұның тағы бір дәлелі екеніне назар аударды. 

Татар "Алайда Әзербайжан мемлекеті Армения шабуылына тойтарыс бере алатын күшке ие. Солай да болуда" деген сөздер қолданды. 

Армения армиясы 12 шілде күні  бірінші болып, Халықаралық бейбітшілік келісімдерін бұзған. Товуз аймағында Әзірбайжан әскери шебіне зеңбірекпен оқ ату арқылы шабуыл жасауға кірісті. Әзербайжан армиясының тойтарыс беруіне орай кері шегінді.  Қақтығыста Әзербайжан армиясынан біреуі аға лейтенат 4 әскер қаза тапты және  4 әскер жарақат алды. 

Кеше де жалғасқан қақтығыстарда Әзербайжан армиясынан біреуі генерал-лейтенант жиыны 7 әскер шейіт болды.

 



Ұқсас жаңалықтар