Әлиев БҰҰ-н коронавируспен күрес жиналысын өткізуге шақырды
Ильхам Әлиевтің коронавирус індетімен жаһандық күрес талқыланатын арнайы отырыс ұйымдастыру ұсынысына 130-дан астам ел қолдау берді.
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен жаһандық күрес талқыланатын арнайы отырыс ұйымдастыру ұсынысына 130-дан астам ел қолдау берді.
Әзірбайжан Президенттік сарайы Сыртқы саясат басқармасының төрағасы Хикмет Хажиев президент Ильхам Әлиевтің БҰҰ Жалпы Кеңесінің жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен жаһандық күрес талқыланатын арнайы отырыс ұйымдастыру ұсынысына 130-дан астам ел қолдау бергенін білдірді.
Коронавируспен күрестегі талпыныстың жеткілікті болмағанын айтқан Хажиев:
"Әлиев жаһандық ұйымшылдық үшін осындай талпыныс көрсетті. Жиналыстың жақында ұйымдастырылуын үміт етеміз. Әлемнің тығыз ынтымақтастықты дереу бастауы керек" деді.
Ұқсас жаңалықтар
Әлиев пен Жапаров Ағдам қаласына барды
Басшылар Хыдырлы ауылында Қырғызстан тарапынан салынатын мектептің іргетасын қалады.