Түрік Кеңесінің видео саммиті

Еуразия күн тәртібі - 16

1398843
Түрік Кеңесінің видео саммиті

Бүгінгі бағдарламамызда коронавируспен  (COVİD-19) күресте Түрік Кеңесі лидерлерінің 2020 жылы 10 сәуірде ұйымдастырған кезектен тыс саммитіне тоқталамыз.

Түрік Кеңесінің кезекті төрағасы Әзірбайжанның президенті Ильхам Әлиевтің шақыруына сай  2020 жылы 10 сәуірде видео конференция жолымен «Коронавирус (COVİD-19) індетімен күресте ұйымшылдық және ынтымақтастық» деген тақырыппен Түрік Кеңесі саммитін ұйымдастырды.

Саммитке Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстан елдерінің президенттері, Венгрияның премьер-министрі, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры және Түрік Кеңесінің Бас хатшысы қатысты.

Түрік Кеңесі әлемде коронавируспен күрес тақырыбында президенттер өресінде видео конференция ұйымдастырған тұңғыш халықаралық ұйым ретінде тіркелді.  Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус Түрік Кеңесінің Бас хатшысына коронавируспен күрес тақырыбында көрсеткен ұйымшылдығы мен жәрдемі үшін алғыс айтты.

Видео конференцияда ұйымға мүше елдердің пандемиямен күрес жағдайы баяндалды және бұдан кейін жасалатын сақтану шаралары мен ұйымшылдық мүмкіндіктері талқыланды.  Саммитте ұйымға мүше елдер арасындағы сауда, экономикалық қарым-қатынастардың үзіліске ұшырамауы, қатынастың жалғастылуын қамдаудың маңыздылығы дәріптелді. Осы тұрғыдан Халықаралық Транс-Каспий Шығыс-Батыс қатынас дәлізіндегі тасымалдың тоқтамауы үшін Қатынас және Сауда министрлеріне видео конференция ұйымдастыру үшін нұсқау берілді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамдау үшін сақтық шараларын жасауға шешім қабылданды.

Пандемия себепті елдеріне қайта алмаған азаматтардың жағдайы да саммитте қолға алынды.  Лидерлер осы азаматтарға қажетті барлық жеңілдікті жасау тақырыбында келісті.

Түркі әлемі лидерлері  коронавируспен күресте халықаралық қоғаммен ынтымақтастықты арттыруға дайын тұрғандарын баяндады. Пандемиямен күресте БҰҰ-ның және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының талпыныстарына қолдау беру қажеттілігі атап өтілді.  Жиналыс соңында «Мемлекет басшылары саммиті ортақ декларациясы» қабылданды.

Өткен аптада Түрік Кеңесі Түрік Сауда және Өнеркәсіп палаталарының төрағалары видео конференция ұйымдастырып, ұйымның мәселелерін қолға алған еді.  Кезектен тыс саммитте ұйымға мүше елдердің Денсаулық сақтау, Сауда және Қатынас министрлерінің де ұқсас әдіспен пандемиямен күресте бірге болудың қажеттілігін дәріптегені білдірілді.

Кеденді қамтыған көптеген саладағы санды мәліметтердің компьютермен басқарылуы, ұйымға мүше елдердің мемлекеттік интернет жүйесін орнатуы пандемиядан кейінгі кезеңдегі басты тақырып болуға тиісті.  Осы тұрғыдан президент Ердоған назар аударған мемлекеттік интернет жүйесі қауіпсіздігі де өте маңызды болмақ.

Күллі әлемге үрей салған коронавирус пандемиясы Түрік Кеңесіне мүше елдердің өзара тіпті тығыз ынтмақтастықты бекемдеулеріне орай жаратты.  Осы тұрғыдан алғанда «Ортақ желі» ретінде танымал және Түркістанды Анадолы мен батысқа жалғайтын Транс Каспий қатынас желісін күшейту басты мәжбүрлік болып табылады.

Түркияны қамтыған ұйымға мүше барлық елдер медициналық материалдардан азық-түлікке дейінгі көптеген тақырыпта бір біріне жәрдем жасау мүмкіндігіне ие. Пандемия және пандемиядан кейінгі кезеңде бір бірінің қажетін қамдау ұйымға мүше елдерді табиғи түрде өзара жақындатады.  Пандемиядан кейінгі кезеңде күшті бір Түркі әлемі күллі адамзатқа пайдалы болмақ. Түрік Кеңесі интернет конференциясы әдісі талпынысымен «Түрік болашағы – 2040» бағдарламасын дамыту және атқаруда батыл қадаммен ілгерлейді.



Ұқсас жаңалықтар