Әзербайжан президенті Әлиев Ердоғанға көңіл айтты

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі де хабарлама жариялады.

1368675
Әзербайжан президенті Әлиев  Ердоғанға көңіл айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Сирия Идлибте бомбалау барысында шейіт болған түрік әскерлері үшін президент Ердоғанға көңіл айтты.

Әлиев «Түрік әскерлерінің шейіт болғаны жөніндегі хабарларды естідім.  Сізге,  қаза тапқандардың отбасы және жақындарына,  бауырлас түрік халқына жеке басым және Әзербайжан халқы атынан қайғырып көңіл айтамын. Алла рақым етсін» деді.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі де хабарлама жариялап: «Идлибте түрік әскерлерінің шейіт болуына қатты қайғырдық. Шейіттерге Алладан рақым тілейміз,  отбасыларына және түрік халқына көңіл айтамыз» деді.

Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов та Идлибте бомбалау нәтижесінде шейіт болған түрік әскерлері үшін Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар және Бас штаб төрағасы Яшар Гүлерге жеделхат жолдады.

Хасанов жеделхатта Идлибте болған «опасыз шабуыл нәтижесінде бауырлас түрік армиясынан қаза тапқан және жарақат алған әскерлер бар екені хабарын естідік» деді. Шейіттердің отбасы және жақындарына көңіл айтып,  жаралы әскерлерге шипа тілеген Хасанов: «Сіздің қайғыңыз – біздің қайғымыз. Түрік Қарулы күштері тарапынан жүргізілген терроризммен күрес операциясының табысқа жететініне сенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар